Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жастарға арналған баспананы алу үшін қандай құжаттар қажет

Жастарға арналған баспананы алу үшін қандай құжаттар қажет

Қазақстанда жұмыс істейтін 29 жасқа толмаған жастарға тұрғын үйді сатып алу құқығынсыз жалға беру ережелері бекітілді. Бұл туралы krisha.kz хабарлайды.

Әкімдіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарында құжаттарды тапсыру мерзімі туралы хабарландырулар жариялағаннан кейін үміткерлер мына құжаттарды Жастар саясаты мәселелері басқармасына тапсыру керек:
- Өтініш.
- Жеке куәліктің көшірмесі
- Дипломның көшірмесі
- Неке туралы куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда).
- Балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі (бар болған жағдайда).
- Өтініш берушіде және отбасы мүшелерінде жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама
- Жұмыс орнынан анықтама
- Соңғы 6 айдағы кірістер туралы анықтама (кірісі кемінде 40 АЕК немесе 101 мың теңге болуы керек).
- Еңбек өтілін растайтын құжаттар.
- Банктік шот нөмірі туралы анықтама
- Банк шотындағы ақша қаражатының қалдығы мен қозғалысы туралы есеп.
- Өтініш берушінің жеке жетістіктері туралы құжаттар (бар болған жағдайда). Құжаттар бес жұмыс күні ішінде тексерілуі керек. Егер өтініш берушіден барлық анықтамалар жиналмаса, тағы бір күн беріледі. Содан кейін он жұмыс күні ішінде әкімдік ұпайларды есептеп, талапкерлердің тізімін жасайды. Неғұрлым көп ұпай болса, пәтер алу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.
Ұпайлар қалай беріледі:
Егер сіздің мамандығыңыз «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган бекіткен 100 танымал мамандықтардың тізіміне енгізілген болса – 10 ұпай; Отбасының болуы үшін – 5 ұпай; Егер сіз жеке кәсіпкер ретінде кемінде бір жыл жұмыс істесеңіз – 5 ұпай, одан кейнігі әр жыл үшін – 1 ұпай; Тіркелген некедегі әр жыл үшін – 2 ұпай; Егер сізде бір бала болса – 1 ұпай, одан кейінгі әрбір бала үшін – 2 ұпай; Әртүрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері бар болған жағдайда – 2 ұпай; Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы жұмыс үшін – 5 ұпай, әр қызмет жылы үшін – 1 ұпай; Депозит жинақтағандағы әр жыл үшін – 2 ұпай; Талапкерлердің ұпайлары тең болған жағдайда, өтінішті ерте берген үміткерге басымдық беріледі. Әкімдікте баспана беру туралы шешім қабылданғаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде еңбек шарты жасалады. Пәтерлер сатып алу құқығынсыз 5 жылға беріледі. Еске салайық, жыл сайын Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға 3 мың жалдамалы пәтер беріледі. Сонымен қатар 2022 жылдан бастап мұндай тұрғын үйлердің Қазақстанның өзге де аймақтарында берілетіні белгілі болды.

Дайындаған: Динара Доспан
24.kz
06 қыркүйек 2019 ж. 913 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам