Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА АРНАЛҒАН ГРАНТТАРҒА КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА АРНАЛҒАН ГРАНТТАРҒА КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?

   Кәсіпкерлік саласына қатысты сұрақ кез келген адамды қызықтыруы мүмкін... Бүгінгі тақырыбымыз – инновациялық жобаларға берілетін гранттарға қатысты болмақ. Біздің сауалымызға кәсіпкерлер палатасының кеңесшісі Гаухар Батпанова жауап берді.
- Гаухар, жыл сайын өңірімізде инновациялық жобаларға байланысты гранттарға конкурс өткізіліп тұратынынан хабардармыз. Жалпы, оны жеңіп алу үшін конкурсқа кімдер қатысады? Қандай жобалар инновациялық болып саналады?
- Инновациялық грант дегеніміз – экономиканың басым секторларында, өнім өндіру мен қызмет көрсету салаларында шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде өзінің кәсібін ашуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, ол өзінің тұрғылықты жерінде жоқ кәсіп түрін ашу болып табылады. «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы инновациялық жобаларға арналған гранттарға шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастаушылар, жас кәсіп иелері, азаматшалар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және 50 жастан асқан адамдар қатыса алады.
- Оған қандай құжаттар жинақтауы қажет?
- Жобаға қатысушы үміткер мынадай құжаттарды жинақтауы қажет: заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, кәсіпкердің ағымдағы шотында грантқа қатысу барысында ұсынып отырған жоба құнының 10 пайызы көлемінде қаржысы бар екендігін дәлелдейтін банктен алынған анықтама, өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама, бизнес-жоспары, «Бизнес кеңесші» оқу курсынан өткендігін дәлелдейтін сертификаттың көшірмесі, өтініш берілген күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама, мемлекеттік грант беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім. Міне, осы құжаттар конкурстық комиссияға ұсынылады.
- Құжаттар қай уақытқа дейін қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін қосымша қайдан кеңес алуға болады?
- Үміткерлер конкурстық құжаттаманы 15 мамырға дейін, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін ұсына алады. Құжаттарды Қызылорда қаласы, Әйтеке би 28 мекен-жайында орналасқан облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасына тапсыру қажет. Конкурсқа қатысуға қатысты қандай да бір кеңес қажет болса біз әрдайым әзірміз. Мұнан өзге, бизнес-жоспарды да тегін әзірлеп береміз. Әрі «Бизнес кеңесші» курсына оқыту шарасын да палатаның бизнес-тренерлері тегін жүргізеді.
- Кеңесіңізге рақмет. Сәттілік тілейміз!
Міне, аталмыш палатаның білікті мамандары осылай жұмыс жасайды.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
25 сәуір 2018 ж. 1 357 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам