Сыныпта жалғыз қалған бала терезеден секірген
Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Гүлнәр Қожабергенова мектеп терезесінен құлап кеткен оқушы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұл оқыс оқиға кеше болды. Біз тексеру жұмыстарын жүргіздік. Бұл жерде сабақ өткізіп жатқан мұғалім кінәлі. Қазақ тілі сабағы екі топқа бөлініп оқытылады. Сабақ аяқталған соң мұғалім, оқушыларды сынып жетекшісіне тапсыруға міндетті. Мұғалім сыныптан шығарда балаларды санамаған. Бала партаның астына тығылып қалыпты. Мұғалім сыныпты сыртынан жауып шығып кеткен. Ал сыныпта жалғыз қалған бала қорқып, терезеден секірген»,-дейді Гүлнәр Қожабергенова.