Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Қазақтың қыздары тоқал, үшінші әйелі бола берсін»: Дизайнер Жадо шетелдікке тұрмысқа шыққан қыздар туралы

«Қазақтың қыздары тоқал, үшінші әйелі бола берсін»: Дизайнер Жадо шетелдікке тұрмысқа шыққан қыздар туралы

Танымал Дизайнер Жадо шетелдікке тұрмысқа шыққан қыздар туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Бір сұрақ?" бағдарламасына сілтеме жасап.
Күйеуіне тоқал алып берген Жадо шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққан қыздардың әрекетін құптамайды. Не болсада қазақтың қызы қазақтың ұрпағын көбейтуі керек дейді ол. Сол себепті текті азаматтардың тоқалы, үшінші, төртінші әйелі болса, оның ешқандай айыбы жоқ деген ұстанымда дизайнер.
"Көп адам біледі мен жолдасыма екінші әйел алып бердім. Өйткені қазақтың текті азаматтарынан қазақтың қыздары ұлды, қызды болуы керек. Менің ойымша, 10-20 жылдан соң қартайған кезде сіз өзіңіздің тегіңізге тартасыз", - дейді Жадо.
Дизайнер тоқал болуда тұрған ештеңе жоқ деп ойлайды. Жадоның сөзінше қазақ қызы қазаққа шықса ғана, тегімізді аман алып қала аламыз.
"Біз мұсылманбыз, біздің өзіміздің дәтүріміз бар. Сол себепті, біздің қазақтың қыздары үшінші әйелі бола берсін, тоқал бола берсін. Әрине, неге болмасқа. Сондықтан, қазақтың ұрпағын көбейту үшін қазақ қызы қазақ жігітке күйеуге шығуы керек", - дейді Жадо.

11 қыркүйек 2019 ж. 1 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам