Ауа сапасы нашарлайды
12 қыркүйек күні Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбе, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Павлодар қалаларында және Атырауда түнде жайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазгидрометтің мәліметінше, Ақтау, Қызылорда, Көкшетау, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.