Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ АНЫҚТАЛДЫ

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ АНЫҚТАЛДЫ

  Қызылорда қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Жарасбек Өтебаев мұғалімдер арасында өткен мектепішілік сайысында жеңіске жетіп, «Үздік жыл мұғалімі-2017» номинациясын иеленді.
Ұстаз мәртебесін арттыру, талантты педагогтарды қолдау және кәсіби педагогикалық тәжірибенің үздік үлгілерін көрсету мақсатында өткізілген сайысқа биыл 6 пән мұғалімі қатысуға ниет білдіріп, олар 6 кезеңнен тұратын сайыста бақ сынасты.
Сайыстың алғашқы кезеңінде үміткерлердің өткізген қазақ тілі, ағылшын тілі, тарих, ән-әуез, физика және биология пәндері бойынша ашық сабақтары бағаланды.
Екінші кезең бойынша қатысушылар өзінің педагог ретінде жеке тұлғасын түрлі форматта ашып,өзіндік кәсіби беделін, оқыту тұжырымдамасын көрсете білді.
Үшінші тапсырмада мұғалімдер «Оқушылармен әңгіме», «Ата-аналармен әңгіме» тақырыптары бойынша 5 минуттық бейнефильмдер әзірледі. Бұл кезеңде өзекті мәселені талқылау арқылы қатысушылар өздерінің ұйымдастырылған талқылаудың тереңдігі мен тәрбиелік құндылығын, оқушылардың талабын қаншалықты тыңдай білетінін және түсінетінін көрсету керек болды. Сонымен бірге оқушыларды ата-аналарымен шешуді талап ететін педагокалық ахуалды талқылауда ерекше үлгілерін көрсету тиіс болды.
Байқау аясында «Менің педагогикалық мұратым» жеке көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге мұғалімдер өз жұмыстарын, кәсіби жетістіктерін көрсететін портфолиоларын, әдістемелік әзірлемелерін, жарияланымдарын, буклеттерін қойды.
«Шешендік өнер» кезеңінде қатысушылар берілген тақырыптар бойынша көпшіліктің алдында сөз сөйлеп, өздерінің креативті стилі мен сауаттылығымен ерекшелене түсті.
Қатысушыларға берілген соңғы тапсырма проблемалық педагогикалық жағдаятттарды рөлде ойнау арқылы шешу болды. Бұл кезеңде де сайысқа қатысушы ұстаздар өздерінің актерлық шеберліктері мен педагогикалық сауаттылығын көрсете білгенін әділ-қазылар ерекше атап өтті.
Байқау қорытындысына сәйкес 3-ші орынды қазақ тілі пәнінің мұғалімі Құралай Абуова, 2-ші орынды ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Зауреш Манабаева, 1-ші орынды – физика пәнінің мұғалімі Айнұр Құрақбаева иеленді. Ал «Үздік жыл мұғалімі-2017» номинациясына музыка пәнінің мұғалімі Жарасбек Өтебаев лайықты деп танылды.
Айта кетейік, байқау жеңімпазы Астана қаласында өтетін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің желілік байқау кезеңіне облыстың намысын қорғамақ.
24 қараша 2017 ж. 2 071 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 081 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам