ЮНЕСКО байқау жариялайды
Алматыда орналасқан ЮНЕСКО бюросы Халықаралық сауаттылық күні аясында визуальды сторителлинг үлгісінде "Көптілділік және сауаттылық: Қазақстан және әлем құндылығы" деген тақырыпта байқау жариялайды.
Байқау талаптары: • Үлгісі: Визуальды сторителлинг. Қатысушылар видеороликтер (5 минуттан аспауы тиіс) немесе фото-әңгімені (сурет саны 10-нан аспау керек) өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларында(Facebook, Instagram, YouTube) #UNESCOLiteracyDay2019 хэштегімен жаряилайды. Видео мен суреттерге мәтінді сипаттама беруі тиіс.
• Контент: Байқаудың тақырып аясы Қазақстандағы көптілділік пен сауаттылықпен байланысты. Қатысушылар мәдениет, тіл не Қазақстанда өмір сүріп жатқан өзге халықтардың өмірі мен ерекшелігін баяндайды.Өзінің әңгімесін сурет не видео ретінде жеткізуі тиіс.
• Тіл: Қазақстанда тұратын барлық ұлттың тілі;
• Қатысушылар: Алматы қаласындағы орта білім беретін мектепте білім алып жатқан оқушылар жеке немесе 3 адамдық топ ретінде қатыса алады.
Байқауға өтініш беру үшін: Визуальды сторителлинг байқауына тіркелу. Қатысушылар ЮНЕСКО Алматының Facebook парақшасындағы жазбаға пікір ретінде өз жазбаларының сілтемесін қалдырады. Әр пікірде толық аты-жөні, мектеп атауы, сыныбы көрсетілуі тиіс. Мысалы: Нұрлан Омаров, №56 мектеп, 9-сынып, сілтеме. Қатысушылардың аккаунттары байқау кезінде ашық болуы тиіс. Өтінішті қабылдау уақыты: 2019 жылдың 1-тамызынан 30-қыркүйекке дейін.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мынадай сыйлыққа ие болады:
• 1-орын: Смартфон
• 2-орын: Сыртқа хард диск
• 3-орын: Сыртқы аккумулятор (power bank)
https://massaget.kz/mangilik_el/58687/