Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Безеудіқалай кетіреміз?

Безеудіқалай кетіреміз?

Кейде күтпеген жерден маңызды кездесудің алдында бетімізге қып-қызыл безеу шығып кетеді. Сондай кезде безеудің қызарғанын қалай жылдам басуға болады? Безеуді сығуға болмайды, әйтпесе оған инфекция жұқтырып алу қаупі жоғарылай түседі. Бірақ шыдамай, безеуді сығып жіберген болсаңыз, ол міндетті түрде қатты қызарып кетеді.
Алайда, уайымдамаңыз, қызарған безеуді басып, косметикалық құралмен уақытша жасыруға болады.
Суық компресс Суық қан тамырларды тарылтады, қызаруды басады және аздап ісікті кетіреді. Мұз текшесін қағаз дәкеге орап, қызарып тұрған безеуге басыңыз. Оны шамамен 10-15 минут ұстаңыз. Қажет болса, тағы да қайталаңыз. Мата дәке қолданудың қажеті жоқ. Себебі матада қағазға қарағанда көбірек микроб болады.
Қияр Қияр эпидермиске жағымды әсер етеді. Қиярдың жіңішке тілімін алып, қызарған жерге басыңыз. Қиярды жылы болып кеткенше ұстаңыз. Содан соң басқа қияр тілімін пайдаланыңыз. Қиярдың тоңазытқышта тұрған салқын түрін қолданған жөн.
Алма сіркесі Алма сірке суы – терідегі қабынумен күресетін құралдардың бірі. Мақтаға бір-екі алма сіркесін тамызып, сол мақтамен зақымдалған теріні сүртіңіз. Егер теріңіз құрғақ әрі сезімтал болса, алма сірке суын алдын ала білегіңізге жағу арқылы аллергияға тексеріңіз. Алоэ шырыны Алоэ – безеуді кетіруге көмектесетін емдік өсімдік. Алоэ шырыны теріні тыныштандырады әрі тегіс етеді. Алоэ жапырағын тіліп, бір-екі қою тамшысын мақтаға тамызып алыңыз. Оны қызарған жерге жағыңыз.
Спирт ерітіндісі Арақ немесе 1:1 үлесте араласқан спирт пен су безеуді кетіруге көмектеседі. Бұл ерітінді қабынған жерді бірнеше минутта қалпына келтіреді.

https://massaget.kz/kyizdarga/krasota/58686/

15 қыркүйек 2019 ж. 1 163 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 443 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам