Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қыстың қамын жаз ойла

Қыстың қамын жаз ойла

Күн суытқанда тұздалған, қытырлақ қияр мен қызанақты, түрлі салат пен компот, шырынды ішкенді әркімнің жаны сүйетін шығар. Қысқа азық дайындау кезеңі осы кезде қызып тұр. Ол үшін тағамдардың дәрумендерін сақтап, дұрыс жасаудың әдіс-тәсілдерін білу аса маңызды. Себебі, аз ғана жіберген қателік арқылы жасаған жұмысыңыз текке кетуі мүмкін.

Бүгінде екі келіншіктің басы қосылса қысқа дайындық туралы айтатыны рас. –«Кім, қандай салат басыпты?» – деп бір-бірін озуға тырысады. Осыдан бірнеше жыл бұрын келіншектер арнайы блокнот арнап, оған қажетті салат түрлері мен қоспаларын жазып жүретін. Бүгінде үйіңізде арнайы көкөністер болса, түрлі салаттарды әлеуметтік желілерден тауып алып жасауға мүмкіндік бар.
Сырдария ауданы, Бесарық ауылының тұрғыны Сұлушаш Пірназарова күз басталысымен қыстың қамына кіріседі. Олар отбасымен қысты дәмді лечо, тұзды қияр мен қызанақ, шырынсыз елестете алмайды. Балаларының та сүйікті асына айналған.
– Қысқа дайындықты жаздың соңы мен күздің басында бастаймын. Бұл мезгілдерде жеміс-жидектің түр-түрін табасың ғой. Алайда олар қыста қиынға соғады, бағасы да шарықтап кетеді. Ал дастарханың толып тұрғанын қалайсың. Сондықтан жеміс-жидек, көкөністер арзан уақытта қысқа дайындықты бастаймыз. Биылға 20 банкі компот қайнаттым. Қысқа жетіп қалар. Осылай дайындалу жылдағы үрдіске айналды. Қалдығы көп болғанымен дәмі тіл үйіреді. Есесіне өзің табиғи, таза өнім жасап шығасың. Балаларға да пайдалы, – дейді ол.
Сұлушаш басқан көкөніс пен тосаптар қыс бойы отбасына азық. Ол ең алғаш банкі басуды анасынан үйренген. Баста аз-аздап жапқан ол, қолы үйренген соң санын арта түсірген. Жасыратыны жоқ, банка басу кей қыз-келіншектің қолынан келе бермейді. Ал бір ғана қыс мезгіліне 200-250 банкі басу еңбек пен төзімділікті қажет етеді.
Ауыл деген жақсы ғой. Ағайынға да қол көмек ұсынады. Абысын-келіндеріне, анасының үйіне барып, қалаған салат түрлерін басып береді. Шай қойып жіберіп, жақыныңды көмекке шақыра саласың. Әңгіме-дүкен құрып отырып, көкөністерді аршып тастайсың. Тез-тез ақ салат дайын болады. Құрбымның салат басу өнерін білгеннен кейін оның кеңестеріне жүгінгенді жөн көрдім.
Мәселен тұздалған қияр мен қызанақтар қыс басталмай атылып кетіп жатады. Қиярды дұрыс баспаған әйелдер бұл қиындықтармен кездесіп тұрады. Сұлушаш олар атылып кетпейтіндей қалай дайындау керектігін айтып берді.
– Қиярдың әр түрін тұздай алмайсың. Тек салаттарға қолданылатындары бар. Ал бізге табиғи жолмен өскен, қабығында гүдірі бар қияр қажет. Көбіне білместіктен қиярды базардан сатып алады, ал олар ылғалдылығын жоғалтқан. Сондықтан үйге алып келген соң бірнеше сағатқа суық суға салып қою керек. Сол кезде балғын қалпына келеді. Оны жасамаса, тұздап болғаннан кейін қияр банкінің ішіндегі суды бойына сіңіреді, бос ауа пайда болады. Ол консервіленген өнімнің бірінші жауы, – дейді ол.
Сондай-ақ есте сақтайтын екінші ереже – көкөністі тиянақты жуу. Ол тек сыртындағы топырақтарын тазарту емес, өсіру барысында себілген химикаттардан арылу үшін қажет.
– Банкілер мен қақпақтарды зарарсыздадыруды алмағанда, көкөністерді консервілеу кезінде қышқыл қосса болады. Ол – күшті консервант. Сірке суын көбірек қосқан сайын, қиярды сақтау да оңай болады. Мысалы, 3 литрлік банкіге 9-10 миллилитр сірке суын қосады. Оны лимон қышқылымен ауыстыруға болады. Бір-екі аспирин дәрісін салуға да болады. Сонда қиярлар қытырлақ күйге енеді. Көкөністерді тығындап салып, аузын берік жабқанға да мән беру керектінін айтады. Себебі, ауа кіріп кетсе, істелген жұмыстың бос болғаны. Содан кейін оны бір-екі күнге аударып, сыртын көрпемен немесе матамен орап қойған жөн. Суығаннан кейін ғана тоңазытқышқа немесе жерқоймаға салуға болады, – деп кеңесін берді Сұлушаш.
Расында, қияр тұздау мен салат басуды біле-білмейтін жандар бар. Дайын өнімді сатып алғанда жақсы. Тек еңбегіңмен жасаған тірлік әрқашанда бағалы ғой. Тіпті қыс келгенде «Мынау менің басқан салатым, дәмін көрініңіз. Қалай болыпты? Бірінші рет басып едім...» деп қызықтырып, ағайынға дәм таттырып жүреміз. Бұл да жақын жандармен араласудың сыйласудың тәсілі шығар. Қалай десеңіз де, берген кеңесіміз кәдеңізге жарап, жасаған өніміңіз дәмді болсын!

Айтолқын АЙТЖАНОВА



03 қыркүйек 2019 ж. 1 596 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 078 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам