Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Қызылорда – менің көзіммен»

«Қызылорда – менің көзіммен»

 Биылғы жылдың 11 қыркүйегінен бастап барша қызылордалықтар қала күні мерекесін атап өтуде. Осыған орай өнер арбатында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауы негізінде «Социум-Қызылорда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен фотокөрме өткізілді. Көрмеге барлығы 50 қатысушы бақ сынап, өз жұмыстарын ұсынған. .
Аталмыш көрме барысында оған қатысушы әрбір азаматқа өз шеберлігі мен кәсібилігін көрсетуге, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасалды. Суреттерді бағалайтын қазылар алқасы құрамында «Қалалық мәдениет Үйі, клубтар және халықтық ұжымдар» МКҚК-нің директоры Эльмира.Қанатбаева және әлеуметтік желі белсендісі Ерік Теңізбаев, «Кока-кола» компаниясының Қызылорда филиалының директоры Қ.Қожабергенов қазылық етті.
Өнер арбаты бойында ілінген фотокөрмеге жиналған халық туындыларға оң бағасын берді. Шараға қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Асқарбек Есжанов қатысты.
– Қала күні мерекесі қарсаңында түрлі шаралар өткізілуде. Ал, бүгінге өнер арбатында өтіп жатқан «Қызылорда – менің көзіммен» атты фотосуреттер көрмесі жыл сайын тұрақты ұйымдастырылып жүр. Мұнда мұнда бірнеше туынды ілінген. Сайысқа қатысушылардың өнерін жоғары бағалау керек. Себебі, ерекше еңбекпен түсірілген суреттер де бар, – деді Асқар Есжанов.
Әділқазылар алқасы «Сыр медиа» ЖШС фототілшісі Нұрболат Нұржаубайдың көрмеге ұсынған туындысын жоғары бағалады. Жеңімпаз атанған Н.Нұржаубайға 50 мың теңге табыс етілді.
Айта кетейік, «Қала күні» мерекесі 12 қазанға дейін жалғасып, эстрада жұлдыздарының гала-концерті және мерекелік отшашулармен қорытындыланады.

Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ


17 қыркүйек 2019 ж. 1 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 041 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам