Қырымбек Көшербаев ҚР Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды. http://www.akorda.kz
Қ.Е. Көшербаевты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындау туралы Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 18 қыркүйек № 156 Қырымбек Елеуұлы 1955 жылы 20 мамырда Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институты (1978 ж.), СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясы (1991 ж.) бітірген. 1978-79 жж. - «Главриссовхозстрой» ПМК-112 инженері, өндірісті дайындау тобының бастығы, Кызылорда қ. 1979-81 жж. - Қызылорда облысының күріш инженерлік жүйесінің - Бүкілодақтық екпінді комсомолдық құрылысының штаб бастығы 1981-88 жж. - Қазақстан ЛКСМ комсомолдық қызметін меңгеруде 1988-91 жж. - СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспиранты 1991 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты Мәдениет және ұлтаралық қатынастар референтурасының референті 1991-94 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі 1994-95 жж. - Алматы қаласы Калинин ауданының әкімі 1995-96 жж. - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппараты басшысының орынбасары - ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі; Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты басшысының орынбасары - аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі 1996-97 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы - Баспасөз қызметінің жетекшісі 1997-99 жж. - Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі 1999 ж. - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрі 1999-2000 жж. - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2000-03 жж. - Қазақстан Республикасы Батыс-Қазақстан облысының әкімі 2003-06 жж. - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті өкілі, Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті өкілі (қосып атқарды), Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті өкілі (қосып атқарды) 2006 ж - Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының әкімі 2012 жылдың 13 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. 2012 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2013 жылдың қаңтарында Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды. 2019 жылдың 28 маусымында Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.