Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жаңадан салынып жатқан ғимарат опырылып құлады

Жаңадан салынып жатқан ғимарат опырылып құлады

   Қызылорда облысында Жалағаш ауданының орталығында салынып жатқан бір қабатты ғимарат құлап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 22 қыркүйек күні, сағат 19.50-де болған. Ғимарат құрылысы биылғы шілде айында басталған болатын. Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің хабарлауынша, салынып жатқан бір қабатты ғимарат белгісіз себептерден толықтай құлаған. Оның жалпы көлемі 299 шаршы метрді құрайды.
«Оқиға салдарынан ғимарат маңайында тұрған 3 автокөлікке материалдық зиян келген. Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Ғимараттың құлау себептерін анықтау жұмыстары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары.
23 қыркүйек 2019 ж. 1 038 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 616 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам