Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕ ДАРИЯ МҰЗЫ ЕРИ БАСТАДЫ: ҚҰТҚАРУШЫЛАР САҚАДАЙ САЙ ОТЫР

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕ ДАРИЯ МҰЗЫ ЕРИ БАСТАДЫ: ҚҰТҚАРУШЫЛАР САҚАДАЙ САЙ ОТЫР

  Сырдарияның Қызылорда қаласының оңтүстік бөлігіндегі тұсында мұздар ери бастады. Осыған байланысты сақтық шаралар күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасынан мәлім еткендей, ұзындығы 171 шақырым болатын қорғаныс бөгеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сырдария жағасындағы қауіпті аймақтар қатаң бақылауға алынып, арнайы техникалар мен жауапты мекемелер төтенше жағдайдың алдын алуға сақадай-сай дайын отыр. Дегенмен, мамандардың айтуынша, сеңнің уақытында жүруіне ауа райының қолайсыздығы кедергі келтіруі мүмкін.
Қазіргі күні облыс аумағына жоғары су көздерінен секундына 200 текше метр су келіп түсуде. Алдағы уақытта оның көлемі азаюы мүмкін. Дегенмен, бұл қол қусырып отыруға болады деген сөз емес.
«Бүгінде Жаңақорған ауданында мұз толықтай еріп болды десек болады. Енді Шиелі ауданындағы жағдайды бақылауға алатын боламыз. Жалпы, облыс аумағында 95 қауіпті аймақ бар. Ауа райының жауын-шашынды болуына байланысты кез келген жағдайға дайын болуымыз керек. Бұл ретте, «Көктем - 2018» оқу-жаттығуы ұйымдастырылатын болады. Мамандардың оқыс оқиға кезіндегі әрекеттерін пысықтамақпыз. Жалпы, өзендегі жағдай тұрақты», - деді Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов.
www.inform.kz
06 наурыз 2018 ж. 1 292 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам