Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қара пакеттен "пачкілеп" ақша шығарған Өмірқұл Айниязов талқыға түсті (видео)

Қара пакеттен "пачкілеп" ақша шығарған Өмірқұл Айниязов талқыға түсті (видео)

  Әлеуметтік желіде бірнеше бума ақшаны қара түсті пакеттен алып шығып, көпшілікке көрсеткен Өмірқұл Айниязов желіні шулатты. Әншінің тыңдармандары өнер иесін қарапайым болуға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Дәстүрлі әнші Instagram желісіндегі парақшасында видео жариялап, "Қара айғырға өкпе жоқ. Келесі иесіне құт болсын", - деген жазба қалдырды.
Кадрдан Айниязовтың көлікті сатып, содан түскен ақшаны көпшілікке көрсеткенін аңғаруға болады.

Бұны көрген желі оқырмандары "Қылығыңыз ерсі көрінді", "Мақтаншақ", "Мынауыңыз енді тым артық, салмай-ақ қоймадыңыз ба, қара су мен қара нанға зар болып жүргендер көп", "Осылай ақша көрсетушілік ұнамайды", - деген сынды пікірлерін қалдырды.

Желі қолданушылары арасында әншіге басқа көлік алуын тілеп, құттықтағандар да көп болды.

"Құтты болсын, аға", "Көлік иесіне құт болсын", "Сіз бұдан да жақсы көлік алыңыз", "Сізге жарасады", - деді олар.

25 қыркүйек 2019 ж. 1 617 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 618 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам