Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада жас архивистер байқауы өтті

Қызылордада жас архивистер байқауы өтті

  Қызылордада республикалық жас архивистер конкурсы мәресіне жетті. Республикалық конкурс 24-25 қыркүйек күндері өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынды. Республикалық конкурс биыл елімізде аталып өтіп жатқан Жастар жылына орайластырылды. Оны ҚР Президенті архиві мен Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастырды. Республикалық конкурс биыл үшінші мәрте өткізіліп отыр. Оған ҚР Президенті архиві және Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облысынан 8 команда қатысты. Екі күндік бағдарламаны қамтитын конкурста командалар 4 сайыс бойынша шеберлік сынасты.
Конкурс барысында жас архивистер тиісті заңнамалар бойынша тест тапсырды. Қызылорда қаласында жаңадан пайдалануға берілген архив ғимараты және құжаттық көрмелермен танысты. Конкурсқа қатысушы жастар Қызылорда қаласының сол жағалауына орналасқан Жастар ресурстық орталығында бақ сынасты. Конкурсты облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов ашып, командаларға сәттілік тіледі.
Бұл күні командалар «Архив жастары - болашаққа жол бастар» тақырыбында сәлемдесу, архив жұмысы туралы видеоролик және үйге берілген тапсырма «Біздің архивтің жеті қыры» тақырыбында сайысқа түсті.
Екі күнге созылған республикалық конкурста қазылар алқасының қортындысымен жүлдегер командалар анықталды. Бас жүлдені Қызылорда облысының «Сыр жастары» командасы жеңіп алды. Одан кейінгі орынға ҚР Президенті архивінің «Жас қыран» командасы ие болды.
26 қыркүйек 2019 ж. 937 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 618 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам