Бүгін ауа райы қандай болады?

"Карск теңізі аймағынан келетін Солтүстік циклон Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына ықпалын тигізеді, сонымен байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде түнде жауын-шашын жауады (кобнесе жаңбыр), күндіз жаңбыр жауады, тек республиканың оңтүстік-шығысында, оңтүстікте антициклон жотасының орналасуына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерде тұман күтіледі, жел секундына 15-20 метрге күшейеді", - делінген хабарламада. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Жамбыл, таңертең және күндіз Түркістан, күндіз Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан түнде және таңертең Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының түнде кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді. Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының кей жерлерінде, Карағанды облысының оңтүстік, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.