Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » ЛИОНЕЛЬ МЕССИ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖОҒАРЫ ЖАЛАҚЫ АЛАТЫН ФУТБОЛШЫ АТАНДЫ

ЛИОНЕЛЬ МЕССИ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖОҒАРЫ ЖАЛАҚЫ АЛАТЫН ФУТБОЛШЫ АТАНДЫ

   Жуырда ғана каталониялық "Барселонамен" келісімшартын ұзартқан аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшы атанды. Бұл туралы Marca басылымы хабарлап отыр. 

25 қараша күні "Барселона" 30 жастағы шабуылшы Мессимен келісімшарт жасағанын хабарлады. "Барселона" Мессидің өз міндетінен бас тартқаны үшін төленетін өтемақы құнын 700 миллион еуроға бекітті.

Испаниялық басылымның мәліметі бойынша, жаңа шартнама бойынша ол енді клубтан 30 миллион, ал қосымша сыйақыларды қоса есептегенде 43 миллион еуро жалақы алатын болды. Сонымен қатар аргентиналық шабуылшы жаңа келісімшартқа қол қойғаны үшін клубтан 50 миллион еуро көлемінде сыйақы алды.

Осылайша Месси әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшы атанып отыр. Бұған дейін әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшы - Карлос Тевес еді. Қытайдың "Шанхай Шеньхуа" клубында өнер көрсететін аргентиналық шабуылшы 38 миллион алады. 

Одан кейін тізімде Неймар (ПСЖ, 36 миллион еуро), Криштиану Роналду ("Реал", 34), Оскар (Шанхай СИПГ, 24), Гарет Бэйл ("Реал", 23), Эсекьель Лавесси ("Хэбэй Чайна Фортун", 22), Халк ("Шанхай СИПГ", 20), Поль Погба ("Манчестер Юнайтед", 17), Грациано Пелле ("Шаньдун Лунэн", 15) секілді футболшылар жайғасқан. 

29 қараша 2017 ж. 2 051 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 921 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам