Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҒАЛЫМДАР АЛҒАШ РЕТ НЕЙТРОН ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ СОҚТЫҒЫСЫНАН ТУҒАН ТОЛҚЫНДЫ ТАПТЫ

ҒАЛЫМДАР АЛҒАШ РЕТ НЕЙТРОН ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ СОҚТЫҒЫСЫНАН ТУҒАН ТОЛҚЫНДЫ ТАПТЫ

 
Алғаш рет екі нейтрон жұлдызының бірігуінен пайда болған гравитациялық толқындар тіркелді. Ғалымдардың айтуынша, бұл астрофизикада жаңа дәуір басталғанын білдіреді деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі BBC News басылымына сілтеме жасап. Жаңалық сонымен қатар ғаламда алтын мен платинаның осындай соқтығыстар кезінде пайда болатынын растап отыр.
Толқын америкалық LIGO және италиялық VIRGO обсерваториялары жұмысы кезінде табылды. Енді әлемдегі барлық телескоптар нейтрон жұлдыздар соқтығысқан кездегі детальдарды біле алатын болды.
Калифорнияның Пасадена қаласындағы LIGO зертханасы атқарушы директоры Дэвид Рейтце «Бәріміз күткен жаңалық осы болатын» деді.
Толқынды туғызған жарылыс, яғни екі нейтрон жұлдыздың соқтығысы миллиардтаған километр қашықтықта орналасқан NGC 4993 галактикасында, Гидра шоқжұлдызында болған. Басқаша айтсақ, екі нейтрон жұлдыз бұдан 130 млн бұрын, Жерде динозаврлар жүрген кезде соғылысқан. Қашықтық тым алшақ болғандықтан оның жарығы мен толқыны бізге енді ғана жетіп отыр.

Нейтрон жұлдыздардың соғылыса бірігуі
Аталған екі жұлдыздың массасы Күннен 10-20% ауыр, алайда көлемі бірнеше есе кіші (периметрі - 30 км) болған. Олар супернова түрінде күйреген аса ірі жұлдыздың қалдығы немесе ядросы. Бұларды өлі жұлдыз немесе нейтрон жұлдыз деп атайды. Нейтрон жұлдыз аталатын себебі, жұлдыз күйреп өз ішіне қарай жұмылған кезде жұлдыздың атомдарында зарядты протондар мен электрондар қосылады да нәтижеде тұтастай дерлік нейтрондардан тұратын аспан денесі туады. Нейтрон жұлдыздардың тығыздығы өте зор, оның материалынан жасалған шай қасықтың салмағы миллиардтаған тонна болар еді.
LIGO зертханасы Луизиана штатындағы Ливингстон қаласы жанында орман ішінде орналасқан ғимарат. Ол нейтрон жұлдыздардың соқтығысы сияқты ғалами апаттар нәтижесінде туатын гравитациялық толқындарды табу үшін арнайы жасалған. Ғимараттан тік бұрыш түрінде екі құбыр шыққан. Құбырлардың ішінде лазер сәулесі бар. Осы сәуледегі өзгеріс арқылы гравитациялық толқынды тіркеуге болады.
Екі жыл бұрын детектор қайта жаңартылды, содан бері ол төрт рет қара құрдымдардың (black hole - черная дыра) соқтығысын тіркеді.


















Луизианадағы LIGO детекторы. Caltech/MIT/LIGO Lab

Ғаламдағы соқтығыстардан шығатын гравитациялық толқындарды тас лақтырғанда су бетінде тарайтын толқынға ұқсатуға болады. Ол кеңістік-уақыттың майысуы атты құбылысқа алып келеді. Яғни гравитациялық толқын өзі басып өтетін нәрсенің бәрін созады және қысады (бірақ тым аз мөлшерде - бір атомның қалыңдығынан аз шамада).
Бұрын Глазго университетінде жұмыс істеген профессор Норна Робертсон детектор жүйесін жасауға үлес қосқан ғалымдардың бірі. «Жұмыстың нәтжесіне қатты қуаныштымын. Мен гравитациялық толқындармен жұмысты 40 жыл бұрын Глазгода студент кезімнен бастағанмын. Одан бері ұзақ жолдан өттік; табыс та, сәтсіздіктер де болды. Бірақ қазір бәрі сәтімен келді» деген ол BBC-ге берген
сұхбатында.
«Соңғы екі жылда әуелі қара құрдымдардың бірігуін тіркеген едік, енді міне нейтрон жұлдыздардың бірігуін тіркедік. Біз тың саланы ашқанымызды сезініп отырмын. Біз осы үшін жұмыс істеп келдік».
Енді әлемдегі 70 телескоп Ғаламдағы аса ірі катаклизм мен одан туатын құбылыстың алғашқы детальды суретін ала алатын болды. Ол суперновадан мың есе күшті жарылыс - «килонованы» көрсете алады.
  • Гравитациялық толқындар туралы Эйнштейннің белгілі Салыстырмалық теориясында болжанған болатын
  • Гравитациялық толқындарды табу үшін технологияның ондаған жыл бойы дамуы қажет болды
  • Гравитациялық толқындар дегеніміз - ғарыштағы аса ірі соқтығыстар кезінде уақыт пен кеңістіктің майысуы
  • Аз уақытта жылдамдығы өте тез артатын денелер толқындарды жарық жылдамдығымен таратады
  • Көруге болатын толқындарды туғызатын құбылыстар қатарына қара құрдымдардың және нейтрон жұлдыздардың бірігуі жатады
  • LIGO/VIRGO зертханаларында лазер сәулесі L формасындағы құбыр ішімен жүреді; толқын сәулені қозғайды
  • Толқындардың табылуы Ғаламда жаңа зерттеулерге өріс ашады
Ғалымдар нейтрон жұлдыздардың қосылуы кезінде аса күшті энергия бөлінуі алтын және платина сияқты сирек элементтерді туғызады деп жорамал жасап келген болатын. Бельфасттағы Корольдік университеттің қызметкері доктор Кэйт Магуайр енді бұл теорияның дәлелденгенін айтады.
«Әлемдегі ең үздік телескоптарды пайдалана отырып біз бұл нейтрон жұлдыздардың бірігуі нәтижесінде алтын және платина сияқты химиялық ауыр элементтердің ғарышқа аса ірі жылдамдықта лақтырылғанын білдік. Периодты кестеде темірден ауырырақ элементтердің қалай пайда болғаны туралы көптен келе жатқан дауды шешуде бұл жаңа нәтижелер маңызды үлес қосып отыр» дейді ол.


18 қазан 2017 ж. 2 410 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 040 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам