Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » Футбол: «Оқжетпес» өз алаңында «Қайсардан» ұтылды

Футбол: «Оқжетпес» өз алаңында «Қайсардан» ұтылды

Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубы өз алаңында қызылорданың «Қайсарынан» 0:1 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Футболдан Olimpbet-Қазақстан чемпионатының 2-ші турында «Оқжетпес» футбол клубы өз алаңында «Қайсарды» қабылдады. Кездесудің 10-шы минутында қонақтардың шабуылшысы Элгуджа Лобжанидзедің баспен ұрған добы қақпа торында тулады. Бұдан кейін кездесу аяқталғанша алаң иелері есепті теңестіруге қанша тырысқанымен одан еш нәтиже шықпады. Бірде «Оқжетпес» шабуылшылары мүлт кетсе, енді бірде доп «Қайсар» қақпашысының қолынан табылды.
Бұл «Оқжетпес» командасының биылғы маусымдағы қатарынан үшінші жеңілісі. Кездесуден соң журналистермен өткен баспасөз конференциясында «Оқжетпес» ФК бас жаттықтырушысы Андрей Карпович команда жанкүйерлерінен кешірім сұрап, алдағы ойындарда команда жеңіс үшін барын салатынын айтты.
«Жанкүйерлерсіз ойнау әрине, қызықсыз. Бұл біз үшін үлкен жеңіліс. Әрине, нәтижеге көңіліміз толмайды, үйдегі ойында үш ұпайға қол жеткізуді көздедік. Өкінішке қарай, бұл жолы жолымыз болмады», - деді Андрей Карпович.
16 наурыз 2020 ж. 1 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 504 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам