ШИЕЛІДЕ КІШІ ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
16 желтоқсан – Ел Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай бүгін облыстық бірқатар БАҚ өкілдері Шиелі жеріне аудан əкімінің кубогын үшін дәтүрлі доп додасында бақ сынасты.
Шиелі жерінде екінші рет ұйымдастырылып отырған сайысқа "Qyzylorda" телеарнасы, облыстық "Сыр медиа",ЖШС, "Меншікті тілшілер", "Жас тілшілер", облыс әкімдігінің "Баспасөз қызметі", "Жаңақорған тынысы", "Өскен өңір" жəне "Тəуелсіз БАҚ" командалары қатысты. Барлығы сегіз команда қатысқан сайыста аудан әкімі Әшім Оразбекұлы сөз алып, 16 желтоқсан -Ел Тәуелсіздігі күні мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі. Сайыс қорытындысы бойынша І-орын: "Сыр медиа" ЖСШ, ІІ-орын: "Өскен өңір"газеті, ІІІ орын: Qyzylorda" телеарнасы иеленді. Жеңімпаз командаларға аудан әкімінің орынбасарлары А. Есмаханов пен Т. Жағыпбаров аудан әкімінің кубогі мен арнайы сыйлықтарын табыстады. Сондай-ақ, үздік ойыншыларға «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», "Үздік шабуылшы" «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша бірқатар ойыншылар марапатталды.