КІШІ ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ
Қаржылық бақылау жүйесіне 25 жыл толуына орай, жергілікті мемлекеттік органдар арасында кіші футболдан турнир ұйымдастырылды.
Ұйымдастырылған турнир аясында жергілікті мекемелердің құрама командалары кіші футболдан бақ сынап, жүлделі орындарды өзара тартысқа салды. Аяқ допшылар қызықты да тартысты ойын өрнегін көрсете білді.
Ойын нәтижесі бойынша 1 орынды Мемлекеттік кірістер департаменті иемденсе, 2 орын Қызылорда облыстық сотына, ал 3 орын Қорқыт Ата атындағы ҚМУ командасына тиесілі болды.
Ойынға қатысушы командалар арасында «Үздік қорғаушы» номинациясы облыстық соттың бас маманы Д.Махамбетовке табысталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегер командалар жарыс кубогы, дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.