Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » «ҚАЙСАР» МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҒЫН БАСТАДЫ

«ҚАЙСАР» МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҒЫН БАСТАДЫ

  «Қайсар» жаңа маусымға дайындығын бастап кетті. Кеше жерлестеріміз Түркия жерінде жаңа маусымға әзірлігіне кірісті. Команда көктемде жалауын желбірететін доп додасына тастүйін дайын болуға күш салмақ. Команда алдына үлкен міндет жүктеліп отыр. Былтыр олар алғашқы алтылықтан көрінді. Премьер-лигаға қайта оралған клуб үшін осының өзі әзірге төмен жетістік емес. Ендігі кезекте одан да жоғары белесті бағындыруға күш салады. Жергілікті жанкүйерлерді желпіндіретін ойындар көрсетеді деген үміт бар.
Команда былтырғы жылғы құрманың басым бөлігін сақтап қалуға тырысты. Олармен маусым аяқтала салысымен келісім шартқа отырды. Болгар маманы Стойчо Младенов сенім артқан саңлақтар биыл да жақсы ойын өрнегін көрсетуді дұрыс көреді.
Түркия жеріне төмендегі ойыншылар аттанды: қақпашылар – Александр Григоренко, Марсель Исламкұлов, Нұрым Салайдин; Қорғаушылар – Дмитрий Евстигнеев, Айбол Жақаев, Абдель Азиз Ламанж, Иван Граф, Александр Марочкин, Валентин Чуреев, Ілияс Әмірсейітов; жартылай қорғаушылар – Маттиас Курьор, Джон Банколе Камара, Валерий Коробкин, Думан Нәрзілдаев, Джа Дже Дже Франк, Максат Байжанов; шабуылшылар – Тоқтар Жаңғылышбай, Милан Бойович, Елжас Сарбай, Өркен Махан.
Команда Жерорта теңізінің жағалауында қаңтардың 3-інде жолға шықты. Ол жақта 20 күннен астам уақыт жаттығып, елге 26 қаңтарда оралады. Онда алдымен Болгарияның «Дунав Русе» командасымен жолдастық кездесу өткізеді. Өз чемпионатындағы ақпан айына дейінгі үзілісте болгарлар да Антальяда жиналмақшы екен. Бірінші жиынға «Қайсар» басшылығы жергілікті футболшылардан бөлек, баптарын байқап, шеберліктерін сынамақ мақсатта басқа да ондаған жаңа ойыншыларды шақырып отыр. Арасында соңғы маусымды «Ордабасыда» өткізген Таңат Нөсербаев, Қайрат Әшірбеков сынды тәжірибелі жігіттер де бар. Тараздық қос талант – Бауыржан Байтана мен Әлішер Сүлей де қызылордалық ұжымның дайындығына қатысуды құп көріп отыр. «Оқжетпесте» ойнаған Тимур Досмағамбетов те Түркияда «Қайсар» сапына қосылуы мүмкін. Сондай-ақ, потенциалды жаңа ойыншылардың қатарында 2014 жылы Қазақстандағы футбол карьерасын Қызылордада бастап, кейін 1,5 жылдың ішінде «Жетісу», «Тобыл», «Ақтөбе» сынды командаларда доп теуіп үлгерген македониялық Душан Савич те бар.

Ә.ӘЙТПЕНБЕТ.

04 қаңтар 2018 ж. 1 612 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 424 0
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan