БЕЛГІЛІ ФУТБОЛШЫ БУТЕРБРОД ЖЕГЕНІ ҮШІН КОМАНДА ҚҰРАМЫНАН ШЫҒЫП ҚАЛДЫ (ВИДЕО)
Голландиялық «Фейенорд» футбол командасының шабуылшысы Майкл Крамер бутерброд жегені үшін команда құрамынан шығып қалды, деп хабарлайды SportBible басылымына сілтеп Stan.kz.
Нидерланды кубогы үшін «Хераклес Альмело» командасымен өтетін ойын алдындағы жаттығу кезінде Крамер ауқаттанып алмақ болған. Осы әрекеті үшін «Фейенорд» командасының бас жаттықтырушысы Джованни Ван Бронхорст футболшыны бір матчқа команда құрамынан шығарды. Оның пікірінше, асқазанға зиян болғандықтан, футболшы бутерброд жемеуі тиіс.
Сонымен қатар футболшыға айыппұл салынды.