«РЕАЛ» КЛУБЫ АТАҚТЫ ЭДЕН АЗАР ҮШІН «ЧЕЛСИ» КОМАНДАСЫНА €120 МЛН ҰСЫНЫП ОТЫР
Испандық футбол клубы "Реал" ағылшындық "Челси" командасының жартылай қорғаушысы Эден Азар үшін €120 миллион қаржы беру жөнінде ұсыныс дайындауда.
Бұл туралы The Sun басылымы жазды.
Бұдан бұрын 26 жастағы бельгиялықтың әкесі Le Soir басылымына берген сұхбатында «Азар 2020 жылы бітетін "Челсимен" арадағы келісімшартты ұзартудан бас тартқандығын» айтқан болатын. «Реалдағылар» осы жағдайды пайдаланып, жартылай қорғаушымен келісімшарт жасауға ниеттеніп отыр. Атақты футболшы "Челси" мен "Стока" арасындағы соңғы матчқа (5:0) қатысқан жоқ.
Айта кетер болсақ, Азар 2012 жылдан бері «Челсиде» құрамында ойнап келеді. Ол осы маусымда 26 матчқа қатысып, 8 гол салды.