Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » РЕСЕЙДІҢ АТАҚТЫ БАПКЕРІ СМЕТОВТЫ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ БАЛУАНҒА ТЕҢЕДІ

РЕСЕЙДІҢ АТАҚТЫ БАПКЕРІ СМЕТОВТЫ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ БАЛУАНҒА ТЕҢЕДІ

   Ресейлік атақты балуан, білікті бапкер Эдуард Базров қазақстандық дзюдошы Елдос Сметовты әлемдегі теңдесі жоқ балуанға теңеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 
Олимпиада және әлемнің бірнеше дүркін чемпионы  Хаджимурат Гацаловпен бірге еркін күрес академиясының аға жаттықтырушысы қызметін атқарып жүрген Эдуард Базров Qsport.kzпорталының тілшісіне берген сұхбатында Елдос Сметовты теңдессіз балуан екенін айтып, таңданысын жасырмады. Ол өз сөзінде: «Елдосты Екатеринбургтағы додаға екі ай дайындадым. Мен көптеген спортшыларды физикалық тұрғыдан дайындап, әлеуетін арттырып жүрмін. Дегенмен екі ай дайындық барысында Елдостың әлемдегі теңдессіз балуандардың қатарына кіретініне көзім жетті. Аралас жекпе-жек, бокс, еркін күрес спортының біраз өкілдерін дайындадым, бірақ Сметовтей талантты спортшыны әлі кездестірмедім. Елдос талантынан бөлек, өте ақылды спортшы. Меніңше, Елдосты жақсылап баптаса, Токиода да, Парижде өтетін Олимпиада ойындарында да топ жаруы әбден мүмкін», – деді Эдуард. 
Айта кетейік, Эдуард Базров Ресей құрамасы сапында талай байрақты бәсекелерде топ жарып, әлемдік аренада атой салған балуан. Ол Ресей біріншілігіндегі сында атақты Біләл Маховқа ғана есе жіберіп, Әлем және Олимпиада ойындарынан тыс қалған. Ал Сметов Екатеринбургта өткен Grand Slam турнирінде қарсыластарын қоғадай жапырып, алтын жүлде еншілеген болатын.
12 сәуір 2018 ж. 1 523 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 922 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам