АЛТЫНБЕК ҚОЖАХМЕТКЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Қытайдың Шанхай қаласында өткен байдарка және каноэде есуден Азия біріншілігінде қола медаль жеңіп алған Алтынбек Қожахмет елге оралды.
Спортшы жəне оның бапкерлері Диана Хазиева, Мухитдин Миербековті Қызылорда облысының Тасбөгет кентінде орналасқан 5-ші олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде салтанатты түрде қарсы алды.
Шара барысында спортшыға игі тілектер айтылды. Сары құрлықтағы беделді бәсекеде Сырдың даңқын аспандатқан саңлақтың бұл жетістігі жоғары бағаланады.