ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КАРАТЭШІЛЕРДЕ – 25 ЖҮЛДЕ
Шымкент қаласында каратэ-додан балалар мен жасөспірімдер және жастар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлестеріміз жақсы өнер көрсетіп, 25 медальмен оралды. Оның 6-уы алтын, 6-уы күміс, 13-і қола медаль.
Спортшылар арасында Аяулым Тілектес, Бақдәулет Түржігіт, Константин Ню, Әсемгүл Ердәулет, Әлішершәріп Қонысбек және Кемелбек Қабланбек алтын алды. Күміс жүлдеге Жібек Елімбетова, Ернұр Рысбек, Алдияр Бауыржан, Ербол Үсенбек, Дамир Камал, Алиасқар Махамбет қол созды. Қола жүлдегерлер қатарында Расул Ұзақ, Сымбат Елімбетова, Ақерке Сейтқали, Айзия Бағдат, Самрат Асылбекұлы, Берік Раимов, Әлия Арыстанбек, Бақдәулет Құбаш, Константин Ню, Нұртуған Тлеубергенов, Дастан Сыздық, Мұхаммедали Мағанатұлы және Дінмұхаммед Мейрам бар.
Спортшылар №2 ОРМБЖМ, Қажымұқан спорт клубы және облыстық каратэ-до федерациясында жаттығады. Оларды жарысқа Рүстем Қараев, Нұржан Ақпанбет, Нұрбол Тойшыбаев, Әкімжан Нұрғалиев, Еркін Боханов, И.Леонид, Мақсат Қодаров және Нұрсұлтан Бақбергеновтер дайындады.