Элизабет Тұрсынбаева Қазақстан үшін тарихи медаль жеңіп алды
Тұрсынбаева ешбір қателіксіз төтрттік сальхов әдісін орындады. Элизабет Тұрсынбаева Сайтамеде (Жапония) өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Olympic.kz.
Ол әлем чемпионатында подиумға көтерілген қазақстандық ретінде тарихқа енді. Тұрсынбаеваның жалпы ұпайы 224.76 болды. Алтын медальді ресейлік Алина Загитова иеленді. Оның ұпай саны 237.50. Қола медальді тағы бір ресейлік спортшы Евгения Медведева жеңіп алды. Оның ұпайы 223.80.
Еркін бағдарламада Тұрсынбаева ешбір қателіксіз төтрттік сальхов әдісін орындады. Ол әдіс тарихи сәт болды. Осыған дейін бұл әдісті әлемде ешкім жасамаған. Төрешілер Тұрсынбаеваның көрсеткен өнеріне 148.80 ұпай қойды. Осы ұпайдың арқасында ол күміс иеленді.
"Бұл жылы ол ресейлік жаттықтырушы Этери Тутберидзенің қол астына өтіп басқа деңгейге көтерілді. Мен оны қазір танымай қалдым. Ол секірулерді басқаша жасайтын болды. Оның шеберлігі өсті. Негізі ол басқа жерге кетіп қалған, бірақ қайтадан оралып қазір осы жерде жаттығады", - деді КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Татьяна Тарасова.