ТЕАТРДА КОМЕДИЯ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Н.Бекежанов атындағы театрдың жастар труппасының қатысуымен Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымовтың режиссерлігімен Мұхамедқали Қасеновтың «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» комедиясының премьерасы болып өтті.
Бірін-бірі қызғанған жас жұбайлардың орынсыз қызғанышы әзіл арқылы көрермен қауымға ұсынылды. Спектакльде әзілге толы оқиға да, әсем ән де, мың бұралған би де қалың көпшіліктің жүрегіне жол тауып, қыран топан күлкіге бөледі. Жас ерекшелігін талғамайтын комедиялық спектакль көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, театр ғимаратының 1 қабатында жастар труппасының арнайы оқиғаға құрылған фотокөрмесі ұйымдастырылды. Қойылыммен қатар фотокөрмені көрген театрымыздың көрермендері рухани азыққа бөленіп, көтеріңкі көңіл-күймен, театр ұжымына алғыстарын білдірді.