Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » БАЛАБАҚШАЛАРДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ ӨТКІЗІЛДІ

БАЛАБАҚШАЛАРДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ ӨТКІЗІЛДІ

  Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен«Сыр еркесі», «Сыр дидары», «Алтын ұя», «Ер Төстік» балабақшаларының базасында «Көсбасшы әдіскер, креативті тәрбиеші, дарынды бала» тақырыбында шығармашылық апталығы өткізілді.
Бұл шара мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагог мамандардың жаңашыл іс-тәжірибелерін насихаттау, педагог мамандардың мәртебесін арттыру және білім беру салаларына инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу мақсатында қолға алынды.
Аталмыш шара барысында «Мен көсбасшы әдіскермін», «Мен креативті тәрбиешімін», «Мен дарынды баламын» атты байқауы өтті. Байқауға «Алтын ұя», «Бегім Ана», «Ер Тарғын», «Ер Төстік», «Алпамыс», «Сыр дидары», «Сыр еркесі», Сыр самалы», «Қуаныш», «Балапан» балабақшаларының педагог қызметкерлері мен бүлдіршіндері белсене қатысып, нәтижесінде шығармашылығымен дараланған балабақша педагог қызметкерлері қалалық білім бөлімі және кәсіподақ комитетінің «Жаңашыл», «Ізденімпаз», «Іскер», «Креативті», «Шығармашыл» номинацияларымен марапатталып, қабілетімен ерекшеленген балабақша бүлдіршіндері «Дарынды бала», «Зерек бала», «Зияткер бала», «Шығармашыл бала», «Өнерлі бала» номинацияларымен марапатталды. Сондай-ақ үздік деп танылған «Алтын ұя», «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Сыр самалы» балабақшаларының педагог қызметкерлері облыстық байқауға жолдама алды.


02 қараша 2017 ж. 3 447 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 349 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам