СЫР ӨҢІРІНІҢ ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕРІ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Үстіміздегі жылғы 30 қыркүйек-1 қазан күндері Алматы қаласында өткен «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауында сырбойылық өнерпаз өрендер І-орынды иеленді.
Байқауды ҚР БжҒМ-нің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Алматы қаласындағы "Өрнек" лагерінің базасында өткізді.
Байқауды ҚР БжҒМ-нің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Алматы қаласындағы "Өрнек" лагерінің базасында өткізді.
Көрменің мақсаты - білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру болып табылады.
Көрме-байқауға республиканың барлық аймақтарындағы балалар шығармашылығы көрмелерінде орындаудың түрлі жанрлары, техникалары және материалдары бойынша жүлделі орындарға ие болған республиканың жалпы білім беру және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты.
Сондай-ақ, өнерлі балаларды баптаған үйірме жетекшілері А. Бердеева және Е. Сермановқа «Алғыс» білдірілді.
Бұдан бөлек, «Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдердің үлгісін жасау» номинациясы бойынша Жұмабек Гүлзина І-дәрежелі дипломмен, «Саздан (қыш) халық ойыншықтарын, шағын формадағы мүсндерді жасау, сабан, тоқыма, ағаш» номинациясы бойынша І-дәрежелі дипломмен Әбдіқани Диас, «Тоқыма дайындау: тоқымашылық, кестелеу, батик, гобелен, тоқыма, сәндік ойыншық, коллаж, макраме, фриволите, шілтер, құрақ пластикасы, тері, бисер, илеу» номинациясы бойынша І-дәрежелі дипломмен Дүйсенғали Балауса марапатталды.
«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме байқауына Оңайбек Дильяра, Дүйсенғали Балауса, Жумабек Гүлзина, Қуанышбай Ержан, Алпысбаева Аида,Әбдіқани Диас, Жеткерген Нұрдана, Серикбай Ермек, Маратқызы Аружан Мусахан Әсем, Маратқызы Аружан, Ертуғанова Әсем қатысты.