САЙЫСТА «СҰҢҚАР» ОЗДЫ
Жақында Қызылорда облысының прокуратурасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жастар терроризмге жол бермейді» атты интеллектуалды сайыстың финалдық кезеңі өтті. Сайысқа Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінен құралған «Антитеррор» тобы, Қызылорда медициналық жоғары колледжінен құралған «Көгершін» тобы және И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық жоғары колледжінен құралған «Сұңқар» тобы финалдық кезеңде өзара бақ сынасты.
Үш кезең бойынша өткізілген сайыста облыстық прокурорының орынбасары Н.Ерманов және белсенді азаматтар Д.Эшатова мен Э.Тенизбаев қазылық етіп, өз бағаларын берді.
Сайыс қорытындысы бойынша І-орынды «Көгершін» тобы алсы, ІІ-орынды «Антитеррор» тобы, ІІІ-орынды «Сұңқар» тобы иеленді және ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар табысталды.
А.НҰРЛЫБАЙ