БАЙҚАУДА КІМДЕР ЖЕҢДІ?
Қызылорда облысының прокуратурасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жастар- деструктивті ағымдарға қарсы» тақырыбында облыстық суреттер байқауы өтті. Байқауға барлығы 28 оқушы қатысты.
Қатысушылардың жұмыстары Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Coworking» залында көрмеге қойылды. Олардың еңбегіне облыстық ішкі саясат басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесінің теолог маманы Б.Оспанов, облыстық кітапхананың бөлім меңгерушісі Қ.Қыстаубаев және кітапхана қызметкері А.Кимбековадан құралған комиссия мүшелері қарап, өз бағаларын берді.
Бағалау қорытындысы негізінде жүлделі бірінші орынды Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласы №274 орта мектептің 9 сынып оқушысы Диас Асылбеков иеленсе, жүлделі екінші, үшінші орындарды Сырдария ауданының №42 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Аяулым Дүйсенбай мен №137 орта мектептің 8 сынып оқушысы Қарақат Құрманғазықызы иеленді. Қалған қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
А.НҰРЛЫБАЙ