ШЫНБОЛАТ ДІЛДЕБАЕВҚА АРНАЛҒАН МҮШӘЙРА ӨТТІ
Шиелі аудандық Сұлутөбе ауылындағы мәдениет үйінде ақын, жыршы, термеші Шынболат Ділдебаевтың 80 жылдығына арналған «Сырда туып, қырда өскен Шынболат» атты аудандық жазба ақындар мүшайрасы өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Әбілқасымұлы табиғатынан дара талант иесі Шынболат Ділдебаев ағамыздың өмірдегі, өнердегі жүріп өткен жолы жас ұрпаққа әрқашан үлгі-өнеге болып қала беретіні, ағамыздың есімін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылып жатқан мүшайраға қатысушы ақындарға сәттілік тіледі. Байқауға 21 ақын қатысып, өз жыр-шумақтарын оқыды. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Құрмашева Айғаным, I орынды Ержігіт Бекжан, II орын Фазылова Айсаулем, III орын Махмудинов Жігер мен Жусанбаева Гүлмира иеленді. Мүшайраға қатысқан ақындарға аудан әкімінің алғыс хаттары мен сыйлықтар табысталды.