Аша Матай атышулы "Қалаулым" қатысушысын өзі ұзатты
"Қалаулым" жобасы аясында танысып, көңіл жарастырған Әлібек пен Камила отау құрды. Күні кеше күйеужігіт сүйіктісін ұзатып алып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Камила Саянқызының ұзату тойы Алматы қаласында өткен. Дүбірлі тойға "Қалаулым" жобасының басқа да қатысушылары мен бағдарлама жүргізушісі Аша Матай да ортақтаса келген. Екінші сәбиіне аяғы ауыр жұлдыз қалаулымдық аруды өзі ұзатқан.
Мерекелік шара кезінде жасалған суреттер мен видеолар Instagram парақшаларында тарап кеткен.
Айта кетейік, аталмыш жұп бір-бірін "Қалаулым" жобасының арқасында кезіктірген. Бұған дейін, Камиланың қызойнағы қалай өткенін жазған болатынбыз.