АТЫШУЛЫ «ҚАЛАУЛЫМ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАБЫЛАТЫН БОЛДЫ
Еуразия бірінші арнасынан шығатын «Қалаулым» бағдарламасы 2018 жылдың 25 сәуіріне дейін жабылады. Аталған жаңалық Instagram желісіндегі "Ғибратты әңгімелер" тобында жарияланды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Мемлекеттік арналар ашып жатқан тележобалар көрші елдің ескірген телебағдарламаларының сәтсіз көшірмесі екендігін ескере отырып, соның бірі ұлттық мәдениетімізге нұқсан келтіретін «Қалаулым» бағдарламасын сараптамадан өткізіп, ары қарай жұмыс жасауына шектеу қою. Орындау мерзімі – 25 сәуір 2018 жыл», – делінген «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесінің ұсынысында.