Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » "Басқа әйелмен тұрса да": Жұлдыз Өмірғали көзіне еріксіз жас алды

"Басқа әйелмен тұрса да": Жұлдыз Өмірғали көзіне еріксіз жас алды

 Жақындарын есіне алған Жұлдыз Өмірғали көзіне жас алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап.
Айқынның екінші келіншегі Жұлдыз Өмірғали 13 жасында әкесінен айырылып қалған. Өнер иесі жанына жақын адамын есіне алып, көңілі босап кеткен. Әкенің орны қанша дегенмен бөлек екен деп отыр Жұлдыз Өмірғали. Әкесі өмірден өткен кезде ештеңе түсінбей сансырап қалған ол кейін ғана қаншалақты қиын екенін түсіндім дейді.
"Әкемді сағынамын. Кім сағынбайды әкесін? Әкенің орны бөлек болады. Бірақ, Айқын "Қазіргі әкең де, шешең де мен" дейді. Орнын ешкім баса алмайды. Бірақ өзіңді алдап өмір сүруге болады. Өлгені туралы куәлікте де жүрегі тоқтап қалған деп жазылған. Ол кезде 13 жаста болдым. Әкемнің қайтыс болғанын түсінген жоқпын. Кейін бірнеше жылдан кейін әкесіз жүру қаншалықты қиын екенін түсіндім", - дейді Жұлдыз Өмірғали.
Қарапайым теміржолшының отбасында өмірге келген әнші ата-анам қандай болса да, тірі болса ғой деп армандайтынын жасырмады. Ең бастысы аман екенін, қал-жағдайының жақсы екенін біліп тұрсаң болды, қалғаны маңызды емес еді деп өкінеді ол.
"Өмірге алып келген кісілерді құрметтеп, барына шүкіршілік етіп, қал-жағдайын біліп тұрған дұрыс деп ойлаймын. Мысалы мен әкем қандай болса да тірі болғанын қалайтын едім. Басқа қалада, басқа елде, басқа әйелмен тұрса да маған тек қана оның бар болғаны, өмір сүріп жүргені керек болатын еді", - дейді Жұлдыз Өмірғали.
17 қыркүйек 2019 ж. 1 756 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам