АЙҚЫН МЕН ЖҰЛДЫЗ БІРГЕ
Айқын мен Жұлдыз Өмірғали әлі күнге дейін жеке өмірлеріне қатысты мәлімдеме жасамады. Бірақ олардың өнер жолында продюсер мен әнші ретінде бірге жұмыс жасап жатқандары белгілі болды. Бұл жайында Эрик Тастембеков айтты деп хабарлайды «NTK» арнасы. Жұлдыздың Серік Гамза-Задемен орындайтын «Сырласу» әніне алғаш рет ұсыныс Эрик Тастембеков пен Айқыннан түскен. Серіктің айтуынша продюсер Эрик Тастембеков әншіге «Жұлдызбен дуэт айтуың керек», - депті. Осылайша бастапқыда Сандамен орындауы керек болған әнді, Серік Жұлдызбен айтып шыққан. Бейнебаяны сәтті шыққан қос әншінің алдағы уақытта дуэт орындауы, Жұлдыздың продюсеріне яғни Айқынға байланысты болмақ.