"Жұмысы рұқсат етпейді": Сиви Махмұдидің күйеуімен ажырасып кеткені рас па?
Сиви Махмұди күйеуімен ажыраспағаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Oybay SHOW бағдарламасына сілтеме жасап.
Отбасылық өмірін жариялауды ұната қоймайтын Сиви Махмұди елдің "күйеуімен ажырасып кетті" деген өсегінің жалған екенін айтты. Сол себепті әнші анда-санда желідегі парақшасына суреттерін салып, отбасында бәрі жақсы екенін көрсетіп қоятынын жеткізген. Сиви күйеуінің суретке түсіп, камераның алдына шыққанды ұната бермейтінін түсіндірді.
"Күйеуім камераға, суретке түскенді ұнатпайды. Кейде суретке түсіп салып қойсам, неғыласың деп өзі өшіріп тастайды. Жұмысы да көп жария етуге рұқсат етпейді. Көп халық ажырасты деп шулап кеткен кезде, бір жылда бір рет бармыз деп салып қоятыным бар", - дейді Сиви Махмұди.
Ал балаларын кішкене өскенше жұрт назарынан алшақ ұстағаны жөн көрген ол болашақта желіде бөлісіп отыруға тырысамын дейді. Жұрттың тіл-көзінен қорқатынын жасырмаған әнші осылайша неге отбасын көрсете бермейтінін түсіндірген.
"Былайынша күндіз-түні бала-шағамды, күйеуімді сала бергім келмейді. Онсыз да тіл-көз көп. Оның үстіне балаларым кішкентай болды. Енді салатын шығармыз", - дейді Сиви Махмұди.