Танымал стилист шашын жиі жууға құмар жандарға өз ақылын айтты

Дакота Джонсон, Мэри-Кейт және Эшли Олсен сынды жұлдыздармен жұмыс істеген танымал стилист Марк Таунсенд күнделікті шаш жуудың зиянды әсері жайында айтып берді. Оның сөздерін Daily Mail басылымы жариялаған деп хабарлайды Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Стилистің сөзінше, жуылған шаш жылтырап, сусылдап тұрса да, күнделікті жуудың уақыт өте кері әсері пайда болуы мүмкін.
"Шаш жиі жуылса, бас терісі құрғап, май бөліну көбейеді, осының салдарынан шаш түсе бастайды", - деген Марк Таунсенд шашты араға бір-екі күн салып жууға кеңес берді.
"Басты жиі жуған сайын оны кептіруіңіз де жиілейді, осылайша сіз шаштарыңызға және оның ұштарына зақым келтіресіз", - дейді Таунсенд.
Шаштараз теріден бөлінген табиғи майдың шашты емдеп, оларды ылғандыратынын да атап өтті.
"Оны табиғи кондиционер ретінде пайдаланыңыздар!", - дейді стилист.
Айта кетейік, қыркүйек айында тағы бір жұлдызды шаштараз Люк Хершесон әйелдерге шаш кептіру кезінде тарақ қолданбауға кеңес берген болатын.
Оның пікірінше, тарақ су шаштарды қатты зақымдайды, сондықтан шашты сәндемес бұрын оны жай кептіріп алған жөн екен.