Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» Димаш Құдайберген «Виктория» музыка байқауының финалына шықты

Димаш Құдайберген «Виктория» музыка байқауының финалына шықты



3 желтоқсанда Ресейдің «Виктория» ұлттық музыка сыйлығы тапсырылады. Әнші Димаш Құдайберген байқаудың «Үздік поп әнші» аталымында Your love әнімен ұсынылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Виктория» сыйлығын тапсыру рәсімі Кремль сарайында өтеді. Биылғы байқауда көрермен болмайды. Алайда концерттің телевизия нұсқасы 18 қаңтарда «Россия-1» телеарнасы көрсетеді.
«Виктория» сыйлығын ақын, меценат Михаил Гуцериев, композитор, продюсер Игорь Крутой, жазушы, медиа-менеджер Юрий Костиндер ұйымдастырған.
Финалға шыққандар «Үздік жыл әні», «Үздік поп әнші», «Үздік хип-хоп орындаушы», «Үздік рок-группа немес рок әнші», «Жыл композиторы», «Жыл ақыны» секілді 14 номинацияда бақ сынайды. Онда қазіргі заманауи музыканың барлық бағыты қамтылған.
2020 жылы әртістердің көбі онлайн концерт қоюға мәжбүр болды. Сондықтан ұйымдастыру комитеті «Жылдың онлайн концерті» деген аталым ашты.
Байқау сахнасына Niletto, Филипп Киркоров пен Dava, Полина Гагарина, Artik&Asti, «Виктория-2019» сыйлығының иегерлері Димаш Құдайберген мен Zivert; Николай Басков, Артем Качер, Polina және биыл әндері Ресейде хитке айналған өнерпаздар бар.
---
28 қараша 2020 ж. 110 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 594 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам