Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» Қызылордада 2 миллион теңге жымқырған алаяқ әйел ұсталды

Қызылордада 2 миллион теңге жымқырған алаяқ әйел ұсталды

27 қарашада Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғыны алаяқтық дерегіне қатысты арыз түсірген болатын. Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың тамыз айында бір әйел облыс орталығының шағын ауданында қолжетімді баспана алуға жәрдемдесуге уәде берген.
Ол әйелдің тұрғын үй құжаттарын жедел рәсімдеп беретіндігіне сеніп, оған 3 000 000 теңге көлемінде ақша төлеген. Көп ұзамай жәбірленуші ешқандай нәтиже көрмей, ақшасын қайтаруды талап етеді. Содан кейін алаяқ әйел оған 1 миллион теңге қайтарып, қалған ақшасын бермей қашып жүрген.
Қызылорда қалалық ПБ-сы қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 57 жастағы тұрғыны құрықталды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол өзі жасаған іс – әрекетін толығымен мойындады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі
---
30 қараша 2020 ж. 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 342 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам