КЕЛТЕДЕН ҮЗІЛГЕН ҒҰМЫРЛАР
Ыстық жазда суға түсіп, демалған жөн-ау. Бірақ, судың тілсіз жау екенін тағы да ескерген абзал. Күнделікті әр өңірден суға кеткен азаматтарды естіп жатырмыз. Ең бастысы – сақтық керек.
Күннің аптап ыстығында тұрғындардың дені ашық өзендерге түсуге ынталы. Көбісі рұқсат етілмеген жерлерге шомылып, түрлі оқыс оқиғаларға тап болып жатады. Соған орай облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары дабыл қағуда. Себебі, жыл басынан бері облыс бойынша 8 адам суға кеткен. Оның 2-і – бала. Ал, құтқарылғандар саны – 13.
Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етілді. Оған аталмыш департамент бастығының орынбасары Саид Молдақараев, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев, оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов қатысты.
Соңғы аптада аймақта ауа-райы қатты ысып кетті. Сондықтан суға түсушілер саны да арта түскен. Мәселен, 7-9 шілде аралығында облыс бойынша 5 адамның суға кетіп, қаза болған дерегі тіркелді. Оның 4-і табылып, 1-і іздестірілу үстінде. Бұл оқиғалар Бәйгеқұм ауылындағы Қанқожа көлінде, Жосалы кенті мен Жаңадария каналында болған.
Мамандардың айтуынша, осы аумақтар – суға түсуге тыйым салған орындар. Бірақ, оған қарап жатқан тұрғындар жоқ. Тіпті, бір азамат түн ортасында суға түскен. Ал, соңы қайғылы жағдайға соқтырды.
– Негізі түнде суға түсуге болмайды. Себебі, түнде кеткен адамды іздеудің өзі қиынға соғады. Кейде солай уақытты өткізіп аламыз. Оған қоса жағалауға, су айдынына кішкентай балаларды, оқушыларды апармаса екен дейміз. Өйткені, кей жердің ағысы қатты болады. Жазым деген аяқ астынан екенін естен шығарып жатады, – деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев.
«Су – тіршіліктің көзі» екені рас. Дейтұрғанмен, оның тілсіз жау екенін көбісі есте ұстай бермейді. Немқұрайлы қарағандықтан соңы осындай келеңсіздікке ұшырауда. Сондықтан мамандар адам өмірін сақтау үшін қауіпсіздік шараларына мұқият болуды ескертті. Жалпы, суға түсу маусымы қатаң бақылауда екенін жеткізді.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.