Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» «КЕЛ, КЕЛІНІМНЕН» АЛАР ҮЛГІ ҚАНДАЙ?

«КЕЛ, КЕЛІНІМНЕН» АЛАР ҮЛГІ ҚАНДАЙ?

   Барша жұртты бауырына басқан қазақ халқы өз ұлты, халқы тілі, діні, өз тарихы мен салт-дәстүрі бар ел. Бүгінде сол көгілдір экрандағы өріп жүрген біздің салт-дәстүрімізге қарама қайшы келетін түрлі бағдарламалар көбейіп, ел санасын улап жатыр. Евразия бірінші арнасынан көрерменге жол тартқан атышулы «Қалаулымға» сыңар болып, КТК телеарнасынан «Кел, келінім» атты су жаңа реалити-шоуы басталды.
         Бұл бағдарлама 2018 жылдың сәуір айынан бастап көрермен назарына ұсынылып келеді. Жастардың бір-бірімен танысуы, келісуі және табысуы осында. Қалаулым келді, ел жұрт қалаулысын қарапайым өмірден емес, көкжәшіктегі түрлі шоулардан іздей бастады. Содан қыздарымыз бар намысты жиып қойып жігіттердің алдарына өздері үміткер болып келе бастады. Бұл ашықтық па, ғашықтық па оны ешкімде түсіне алмай жүр.
Енді шоу емес шудың ортасына айналған «Кел, келінімді» «Джейран» тобының әншісі Фариза Ескермес жүргізіп мәз.
         Көгілдір экранға үңілген қарапайым халық үшін бұл шоу да іші толған ерегіс, айқай-шу, мәнісі де мағынасы да жоқ дүниеге айналды. Тура «Қалаулымнан» аумайды-ау. Мұнда да дәл сол жар іздеген жігіттер, үміткер болған қыздар, ұзақтығы 3 сағаттық түсірілім мен жұлдызды қонақтар. Тек бір ғана өзгешелігі шоу барысында жігіттердің аналарының болуы. 4 жігіт пен 4 ананың бақылауында болып, сан түрлі тапсырмаларды бірнеше сағаттың барысында орындайтын қыздардың тағдыры небәрі 4 айда шешіледі екен.
         Экранға телміріп мəні мен мағынасы бардүние іздеген халық осындай тәрбиесі жоқ реалити-шоулардың санының артуы қынжылтады. Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі – тəрбие. Ер жігітке қарағанда, ата-əжелеріміз қыз баласының тəрбиесіне аса мəн берген. Қызды əдеміліктің, əдептілік пен инабаттылықтың белгісі ретінде қараған. Ал, қазіргі сол тəрбие тіптен байқалмайды да. Себебі, телеарнадағы осы шоуда қыздардың шаш жұлысып, ер азаматтарымыз жаға жыртысып жатқаннан басқа қандай үлгі-өнеге аларлықтай көрсетілім бар?
         Бір байқағаным мұнда күнде тепсе темір үзетін жігіттердің бір бөлмеде отырып алып пыш-пыш әңгіме айтуда. Ал, бір отбасының ұйытқысы болады деген бойжеткендердің сөз таластырып, төбелесуде.                                                 Бұрын қыздар жігіттердің көзіне тіке қарай алмайтын, қазір қарамақ  түгілі, сол жерде жігіттердің намысын аяққа таптап», "сен екі жүздісің» деген пікірлерін айтады. «Қызым үйде, қылығы түзде» демекші, қылықтарын ел алдына шығарып қазақ қызы деген атқа кір келтіргендей. Жалпы бағдарлама авторларының бұндай телешоулар арқылы нені көздеп, не нəрсені мақсат еткенін түсіне алмадық.
         Махаббат – адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, риясыз сенім мен нәзік сезім. «Кел, келінім» секілді рейтингке жұмыс жасап, арзан атаққа ие болған шоудан аулақ болғанымыз дұрыс болар. Адамды адам қылатын – ақылы. Сондықтан ақылымызға бағынып, отбасындағы ата-ана берген құнды тәрбиеміз бен асыл қасиеттерімізді жоғалтпайық.



Таңшолпан КЕНЖЕБАЕВА.
---
30 шілде 2018 ж. 1 295 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 602 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам