Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » Өңір медицинасындағы серпіліс

Өңір медицинасындағы серпіліс

Сыр медицинасының дамуы, жеткен жетістігі мен бағындырған белесі елдің көз алдында. Жыл сайын бұл салада алдыңғы қатардағы технологиялар енгізіліп, материалды-техникалық база күшейіп келеді. Сондай-ақ, науқасты диагностикалау мен емдеуге қаржыландыру көлемі ұлғаюда. Мәселен, соңғы алты жылда ол 39,8 пайызға артты. Нәтижесінде, үш жылда медициналық мекемелердің құрал-жабдықпен қамтылуы бірнеше есеге артты.
Осы бағытта қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар аясында облыстың медицина саласы қарқынды дамып келеді. Атап айтқанда, биылдың өзінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде тоғыз дәрігерлік амбулатория, жергілікті бюджет есебінен төрт фельдшерлік акушерлік, бес медициналық бекет ел игілігіне айналдыру жоспарланған еді. Қазіргі кезде оның төртеуі қолданысқа берілді. Сонымен қатар, облыстық медициналық орталығы мен Қазалы ауданаралық ауруханасына ангиографиялық қондырғы орнатылды.
Өңірдегі медицина саласында маман тапшылығын азайту мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда. Соңғы үш жылда бұл салаға 399 жас дәрігерді тартылып, оның жартысы бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету ұйымына қызметке орналасты. Ал, биыл 78 жас маманмен толықса, алдағы уақытта 40-тан астап дәрігер келеді деп күтілуде. Соның нәтижесінде аталған көрсеткіш 82 пайызды құрады. Одан бөлек жыл сайын дипломнан кейінгі резидентурада оқытуға облыс әкімінің гранты бөлініп, қазір бұл бойынша 62 жас даярлануда. Алдағы уақытта саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету арқылы халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасы мен қолжетімділігін жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғаса береді.
Бүгінде денсаулық сақтау ісінде электрондық шараларды дамыту жолға қойылды. Осыған орай аталған саланы цифрландыру жүзеге асырылуда. Қазір ақпараттық жүйені біріктіріп, қағаз қолданбайтын емдеу орындары жүйесіне көшу жұмыстары жүргізілді. Айта кету керек, тұрғындардың басым көпшілігі электрондық денсаулық төлқұжатымен қамтылуда. Заң бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында барлық емханаларда берілетін еңбекке жарамсыздық парағы мен медициналық анықтаманы беру процесін кешенді ақпарат жүйесіне енгізіп, QR-кодымен берілуі қамтамасыз етілуде. Аталған анықтаманың шынайлығын «Дамумед» мобильді қосымша арқылы тексеруге болады.
Елімізде денсаулық саласының басты бағытының бірі – ана мен бала өмірін сақтау. Осыған орай жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларға арналған патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-прогрессивті моделі енгізілді. Бүгінде жүктілікпен тіркелген уақытта және 30 аптасында жаппай электрокардиограммаға түсу жүзеге асырылып келеді. Соның нәтижесінде бұрын анықталмаған жүректің туа пайда болған және жүрек ырғағының түрлі бұзылыстарын анықтайды. Осылайша жоғары мамандандырылған медициналық көмек алуға мүмкіндік туды.
Қазіргі кезде аталмыш салада «Медицина – пациент» жобасы жүзеге асырылуда. Мәселен, науқастардың өздерін қатыстыру арқылы жүргізілетін ауруларды басқару бағдарламасы аймақтағы барлық емдеу орнында іске қосылды. Аталған жобаға 3 нозология бойынша 19 мыңнан астам адам қатысуда. Расында, бүгінде қант диабеті, созылмалы жүрек ауруы, қан қысымымен диспансерлік есепте тұратын науқастар қатары күн санап артып келеді. Осыған орай оларды тегін дәрі-дірмекпен қамту, жоспарлы емдеу, уақытылы зертханалық тексеруден өткізу басты назарда.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Осы бағытқа жергілікті бюджеттен 10 млн. теңге қаражат бөлінді. Қазіргі кезде аталған жүйені ақпараттандыру үшін облыс әкімінің орынбасарымен бекітілген өңірлік штаб құрылып, бірыңғай коммуникативті жоспар бойынша қарқынды жұмыс атқарылуда. Ал, аймақ бойынша тіркелмеген жұмыссыздар мен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар – 6161, медицина ұйымына тіркелмегендер саны – 26197 адам. Бүгінде оларды тіркеу жұмыстары жалғасуда.
«Денсаулық» бағдарламасы бойынша мақсатты индекатор – 5,61 көрсеткішін құрайды. Биылдан бастап, күндізгі емдеу бөлімінің ресурс үнемдеушісі төсек орын қоры 7,9 пайызға өсті. Нәтижесінде 45013 науқас ем алып, былтырғы жылмен салыстырғанда 4326 емделушіге артқан.
Бұл салада әлі де атқарылатын жұмыстар қатары көп. Десе де, медицина саласында қолға алынған тың бастаманың көрсеткіші де жоқ емес. Атап айтсақ, туберкулезден болатын өлім-жітім 19,3, қатерлі ісіктен туындайтын өлім-жітім 31 пайызға төмендеді. Ал, қатерлі ісіктің бірінші сатысын анықтау 28,2 пайызды құрап отыр.

Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ
Суретті түсірген: Н.НҰРЖАУБАЙ

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 922 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам