ЕҢ ПАЙДАЛЫ ЖИДЕК АНЫҚТАЛДЫ
Ғалымдар адам ағзасына ең пайдалы жидекті анықтады. Ол – дәрумендерге және денсаулыққа қажетті, өзге де заттарға өте бай қара қарақат болып шықты.
Ғалымдардың айтуынша, қара қарақат жеген адам оба дертімен, сусамырмен және жүрек-қан тамыр ауруларымен сырқаттанбайды екен. Ол адам ағзасын ерте қартаюдан сақтап қана қоймай, сонымен қатар, көз жанарының өткірлігін, яғни, адамның көру қабілетін сақтауға көмектеседі. Ең қызығы, ғалымдар қара қарақаттың адам ағзасына аса пайдалы антиоксиданттарға да бай екенін анықтап білді.
Интернет материалдары негізінде дайындалды.