КҮН СӘУЛЕСІНІҢ ПАЙДАСЫН БІЛЕМІЗ БЕ?
Қазір жаздың ыстығын, күннің қызуын денсаулықты түзеуге пайдаланудың ең бір қолайлы кезі. Бұл кезде, әсіресе, сүйегі сынғыш, денесінде түрлі жара бар адамдардың тиімді пайдаланғаны жөн. Себебі күн сәулесінде терідегі теміреткіге ұқсас жараларды кетіретін, сүйекті қатайтатын витамин бар дейді ғалымдар.
Күн сәулесі жер бетіне жеткенде, үшке бөлінеді: жылылық сәулесі, көзге көрінетін ақ сәуле және көзге көрінбейтін ультракүлгін сәуле. Бұлардың пайыздық қатынасы жыл мезгіліне, тәулік уақытына, географиялық орнына қарай өзгеріп отырады. Қарашадан бастап ақпан айына дейін біздің елімізде ультракүлгін сәуле жоққа жақын. Наурыз айынан бастап ол сәуле көбейе береді де, маусым, шілде айларында көбею шегіне жетеді. Одан кейін керісінше азаяды. Тәулік ішінде сағат 10.00-нан бастап сағат 13.00-ке дейін көп болады да, сағат 15.00-ден бастап азаяды.
Күнге күйгенде бастапқы кезде 10–15 минут, кейін қыздырыну уақытын ұзарту қажет. Бірден ұзақ қыздырынса, күн сәулесі өтіп, адамның дене қызуы көтеріледі. Басы ауырып, денесі қалтырай бастайды. Тіпті, естен тануы да мүмкін.
Ең пайдалысы — таңертең ертемен күнге қыздырыну. Сағат күндізгі 11-12 — күн сәулесінің қызған уақыты. Кейбір адамдар күнге қыздырынғанның жөні осы екен деп тал түсте ыстық құм үстінде жатады. Бұлай істеу — өз денсаулығыңызға өзіңіз қастандық жасағанмен бірдей. Негізінен күнге қыздырынуға ең қолайлысы — таңертеңгілік сағат 9-12 арасы және кешкі 17-ден кейінгі уақыт. Бұл ереже сақталмаса, күннің зиянды әсері дерматит, есекжем, терінің қатерлі ісігі ауруларына соқ¬тыруы мүмкін. Денеге сіңген ультракүлгін сәуле артқан сайын зияны да соншалықты көбейе түседі.
Тері біркелкі күю үшін қыздырыну алдынды денеге өсімдік майын жаққан жөн.
Күн сәулесінің жас балалардың денсаулығына тигізер пайдасы мол, ал кейде зияны да бар. Оны көпшілік күнделікті тұрмыста көріп те жүр. Мәселен, жас балалар жаз кезінде көбіне далада ойнайды, оның денесінің өсіп жетілуі де тез болады. Жазғытұрым туған бала мешелмен ауырмайды дедік. Мұның бәрі күн сәулесінің пайдасын дәлелдейді. Баланың бойы да жаз айларында көбірек өседі.
Ультра-күлгін сәуле баланың денсаулығын күшейтіп, шынықтырады. Сол сәуленің нәтижесінде өсіп келе жатқан баланың денесіне өте қажетті фосфор мен кальций минералдары сіңеді. Ал бұл минералдар – бала сүйегінің негізгі құрамы. Бұлар жетпеген жағдайда олардан мешел аурыу пайда болады.
Жас баланы күннің көзіне сағат 10-12-нің аралығында шығару керек. Далаға шығаруды алғашқыда сәуірден қыркүйектің аяғына дейінгі аралықта күн сайын 5 минуттан қосып отыру керек, ал қазаннан наурыздың аяғына дейінгі аралықта күн сайын 2 минуттан ұзарту жөн. Күнбе-күн осындай мөлшерде көбейте отырып, 2-3 сағатқа жеткізу керек.
Ал, әке болуды армандайтын ер адамдардың күннің көзінде көп жүргені дұрыс. Копенгаген университетінің ғалымдары күн сәулесі әсерінен ағзада бөлінетін D дәруменінің ұрық сапасын арттыратынын анықтады.
The Daily Mail-дың хабарлауынша, даниялық ғалымдардың зерттеуіне 340 ер адам қатысқан. Қан мен ұрық үлгілеріне жүргізілген талдау нәтижесінде ер адамдар ағзасындағы D дәруменінің сперматозоидтің жұмыртқажасушаға жету және ену жылдамдығын арттыратыны белгілі болды. Сынаққа қатысқандардың тең жартысының ағзасынан D дәрумені концентрациясы жеткіліксіз деңгейде (50 нмоль/литрден төмен) анықталды. Олардағы сау сперматозоидтер саны өзге еркектерге қарағанда аз және бұлар күн көзінде жиі жүрмейтін адамдар болып шықты. Дәрігер Мартин Бломберг-Янсеннің айтуынша, D дәруменінің тапшылығы жұмыртқажасушаны ұрықтандыруға қажет болатын кальцийді азайту үдерісін тежейді екен.
Жалпы кез-келген адам күн сәулесіне «шомылғысы» келсе алдымен денесін ыстыққа үйретіп алғаны дұрыс. Ол үшін бес-он минут күн астында тұрып, дененің сезімталдығын сынау керек. Одан кейін бақылауды жарты сағатқа созса болады. Егер күн сәулесі кері әсер ететін болса, осы уақыт ішінде дене қызарып, қыши бастайды. Ондай кезде қыздырынуды тез арада тоқтату қажет. Қандай жағдай болмасын күнге қыздырыну бір сағаттан аспауы тиіс.
Кейбіреулер күнге қыздырынудың жөні осы екен деп тал түсте, ыстық күн астында, ыстық құм үстінде жатады. Олай етсеңіз, өз денсаулығыңызға өзіңіз қастандық жасағанмен бірдей боласыз. Негізінен «загар» қабылдауға қолайлы кезең таңертеңгілік сағат 9-12 арасы және кешкі 17-ден кейінгі уақыт. Бұл ереже сақталмаса күннің зиянды әсері дерматит, есекжем, терінің қатерлі ісігі ауруларына соқтыруы мүмкін. Ендеше күнге қыздырынудың пайдасымен қатар, осындай зиянды жақтары барын да біле жүргеніңіз жөн.