ТҰЗДЫ ШАМАДАН ТЫС ҚОЛДАНУДЫҢ БАСТЫ ҚАУПІ МӘЛІМ БОЛДЫ
Финляндиядағы Денсаулық және әл-ауқат Ұлттық университетінің профессоры Пекка Йоусилахти кардиологтар Еуропалық қоғамы конференциясы барысында шектен тыс тұзды қабылдаудың басты қаупін айтты. Бұл туралы Лента.ру-ға сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Йоусилахти мен оның әріптестері күніне 13,7 грамм тұзды қабылдау жүрек ауруының пайда болу қаупін екі есеге көбейтеді. Ғалымдар 12 жыл бойы тәжірибе жүргізген. Тәжірибеге 25 пен 64 жас аралығындағы 4,5 мың әйел мен еркек қатысқан.
Ағза құрамындағы тұздың мөлшерін білу үшін несеп пайдаланылған.
Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы күніне небәрі 5 грамм тұзды қабылдауды ұсынады. Ғалымдардың айтуынша, тұзды тәулігіне 5 граммнан көп қабылдамау 2,5 миллион адамның өмірін сақтап қалады. Статистика бойынша әлемде күн сайын адамдар 80-140%-ға натрий хлоридин көп қолданады.
Тұз, көбінесе, адам ағзасына нан, құрғақ тағамдар арқылы енеді.
«Қамшы» сілтейді