Үшінші тұлғалар сіздің атыңызға қандай анықтамалар ала алатынын білесіз бе?
Егер сізден үй кезегіне немесе жер тіркеуі үшін қандайда анықтама сұрататын болса, оларды үшінші тарап egov.kz порталы арқылы сұрау жасай алады. Ол үшін сіздің электронды цифрлық қолтаңбаңыз болуы тиіс. Үшінші тарап анықтамаға сұрау жібергенде сізге анықтама алуға рұқсат сұрайтын смс-хабарлама келеді. Paperfree арқылы келесі анықтамаларды алуға болады: Жылжымайтын мүліктің бар (жоқтығы) туралы
Жылжымайтын мүліктің тіркелген құқықтары (ауыртпалықтары) және техникалық сипаттамалары туралы
Соттылықтың бар (жоқтығы) туралы
Сондай-ақ сіздің отбасыңыздағы біреуге анықтама керек болса, ХҚО-ға бармай үшінші тұлғаға анықтама алу сервисі арқылы сіз оған сұрау жібере аласыз.