Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Облыс әкімі Жаңақорғанда жұмыс сапармен болды

Облыс әкімі Жаңақорғанда жұмыс сапармен болды


Бүгін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Жаңақорған ауданында жұмыс сапарымен болды.
Жаңақорған үш жыл қатарынан «Үздік аудан» номинациясын иеленген. Аймақ басшысы ауданның «Алтын дән» мерекесіне қатысып, «Құрмет» орденінің иегері, еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен жастар арасында республикалық және волейбол мен шағын-футболдан облыстық ашық турнирдің ашылу салтанатында болды.
Жаңақорған ауданындағы 957 шаруашылық құрылымдарының 203-і күріш өсірумен айналысады. 7739 гектар күріш алқабының әр гектарынан 58,0 центнерден өнім алып, 44,8 мың тонна астық қамбаға құйылды. Ал, мал азығын дайындау жұмыстары бойынша ауданда 88,0 мың тонна жоңышқа, 64,0 мың тонна табиғи шөп жиналды. Сонымен қатар, көкөніс, бақша дақылдары мол өнім беріп былтырғы жылмен салыстырғанда өнімділік ұлғайған. Аудандағы ерекше өнімнің бірі - облыс брендіне айналған Жайылманың қарбызы. Айта кету керек, облыстық «Алтын дән-2019» мерекесінде Жаңақорған ауданы мал шаруашылығы саласы бойынша үздіктер қатарынан көрінді.
Облыс әкімі «Алтын дән - 2019» салтанатты шарасында диқаншыларды мерекесімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді. «Кейден ауылдық округінде жүгері кластері дамып, «Каусар» сусынына сұраныс артып келеді. Сыр өңірінің төрт түлігінің үштен бірі - Жаңақорған ауданында. Содан да болар, аудан «Сыбаға», «Алтын асық» мемлекеттік бағдарламасына белсенді қатысушылардың қатарында. Сондай-ақ, ғылыми тұрғыдан алғанда, селекциялық жұмыстармен айналысып жатқандар бар. Мәселен жерлесіміз, белгілі ғалым-селекционер Керімхан Егізбаевтың өнімділігі мен өтімділігін дәлелдеген күріштің жаңа сорты - «Ай-Керімді» жаппай айналымға енгізуге күш салғанын ерекше айту керек. Ай-Керімнің кез-келген шетелдік күріш тұқымынан сапасы әлдеқайда жоғары. Талай жылғы еңбегінің жарқын жемісін көрген Керімхан Егізбаевқа және Жақаев атындағы күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандарына өнімділігі жоғары күріштің жаңа сортын енгізгендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Барша Жаңақорғандықтарды тағы да «Алтын дән» мерекесімен құттықтаймын.»,- деді аймақ басшысы.
19 қазан 2019 ж. 955 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 048 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам